2017 жылы да жағалауда осындай жағдай болған
Ақтауда Каспий жағалауындағы су қызыл түске боялды, деп хабарлайды tengrinews.kz Лада.кз-ке сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, судың қызыл түске айналуынан еш қауіп жоқ және оның балықтарға да қаупі жоқ.
Еске салайық, осыған дейін 2018 жылы Каспий жағалауындағы су қызыл түске боялған еді.
2017 жылы да жағалауда осындай жағдай болған еді. Ол кезде экология департаментінің өкілдері жағалауға теңіз өсімдіктерінің шығып қалғанын айтқан болатын.