Алматы көшелеріне 178,5 миллион теңгеге 20 дәретхана салынады

11.06.2020 15:31

Туризм басқармасы қомақты қаржы бөлмек

2gis.kz

Алматы қаласының туризм басқармасы қалада қомақты қаржыға 20 дәретхана салады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекеттік сатып алу сайтының мәліметіне сәйкес, әкімдік орташа есеппен бір дәретхананы салуға 9 миллион теңге бөлмек.

Бұл сайтта көшеде дәретханаларды салу бойынша өтінім жарияланған. Туризм басқармасы 20 дәретхананы салуға 178,5 миллион теңге бөлуге дайын.

Дәретханалар мына мекенжай бойынша орналасады:

2 – Достық даңғылы

1 – Алматы зообағының кіреберісі

1 – Жасыл базардың маңында

1 – Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театры

1 – "Отырар" қонақүйінің сквері маңайы  

1 – Орталық мешітте

2 – Жібек жолы даңғылы Арбатта

1 – Панфилов көшесінің жаяу жүргіншілер жүретін жолында

1 – "Астана" алаңында

1 – "Аэровокзал" сауда кешенінде

1 – "Жас қанат" гүл бағында, Тимирязев және Бұқар жырау көшерелерінің арасында

1 – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының маңайында

1 – Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының маңайында

1 – "Алатау" метро станциясында

1 – Байтұрсынов скверінде

1 – Үлкен Алматы көлі маңында

1 – Бутаков шатқалында.

Техникалық талапқа сәйкес, дәретханалар екі орынды болуы керек. Онда әйелдер мен ер адамдар кіреберісі болуы шарт.

«Есіктерде төлем жүйесі орнатылуы қажет. Есіктер берік болуы керек. Дәретхана модульдері Алматы қаласының жобалық кодексіне сәйкес жасалуы шарт», – дейді техникалық сипаттамада.