Бүгін – қасиетті Рамазан айының бірінші күні

23.03.2023 15:04

Ораза 23 наурыздан 20 сәуірге дейін жалғасады

Twitter

Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті саналатын Рамазан айы басталды. Ораза 23 наурыздан 20 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Сәуір айының 17-нен 18-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні, 21 сәуір – ораза айт мерекесі.

Айлардың сұлтанында ауыз бекіткен мұсылман баласы ішіп-жеуден ғана тыйылмай, жаны мен тәнін күнәдан тазартып, ізгі іске асығады. Бұл – Құран аяттары түсе бастаған ай. Сондықтан садақа беріп, айналаны жылуға бөлеудің маңызы жоғары.

Ораза ұстау – әр мұсылманға парыз. Себебі бұл күні адамдарға көп жақсылық пен мүмкіндік беріледі. Жәннаттың есігі ашылып, ораза тұтқан адамның алдыңғы және кейінгі күнәлары кешіріледі. Сансыз сауап жауады.