Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тіршілігін қалпына келтіру бойынша жұмыстардың барысын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Супермаркеттердің біріне барған әкім тауарлар ассортиментін және дүкендерде азық-түлік қоймаларының болуын қарап шықты.
«Бүгінгі күні қала азық-түлік тауарларымен және бірінші қажеттіліктегі тауарлармен жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген. Алаңдауға негіз жоқ», - деді Б.Сағынтаев.
Алматыда 77 супермаркет жұмысын қайта бастады. Соның ішінде 39-ы – «Magnum» дүкендер желісі, 9 – «Small», 1 –«Тоймарт».
Үш ірі азық-түлік базары жұмыс істеп тұр. Олар - «Барыс», «Алматы 1», «Арыстан».
44 жанар-жағармай құю бекеттерінің қызметі жанданды, тағы 25-і жұмысын бастауға әзірлік жүргізуде. Онымен қоса, 111 дәріхана, оның ішінде 107-сі сағат 08.00 – 19.00 аралығында ашық болады. 4 дәріхана тәулік бойы жұмыс істейді.