Алматыда жоғалған қыз басқа қаладан табылды

18.09.2021 в 15:05

Қызды Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тәртіп сақшылары тапты

© CC0

Алматыда жоғалған 14 жастағы Зоя Юркова Есік қаласынан табылды. Бұл туралы өздерінің Instagram парақшасында LIDER.KZ еріктілері жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«18.09.2021 жыл. Сағат түнгі 02.23. Еріктілер іздеуді тоқтатып Алматыға қайтып барады. Қызды Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының полициясы тапты. Ол дін аман. Ата-анасына табысталды», – деп жазды олар.

Сондай-ақ, еріктілер тобы іздеуге қатысқан, хабарламаны таратуға үлес қосқан барша қазақстандыққа алғыс білдірді.

Бұған дейін Зоя Юркова 16 қыркүйек күні жоғалғаны туралы жазғанбыз. Ол Докучаев көшесіндегі №91 мектептен шығып, үйіне оралмаған.


Дереккөзі: Sputnik.


Теги: қыз