Қасым-Жомарт Тоқаев Гүлдала тұрғындарына алғыс айтты

29.12.2019 20:33

Мемлекет басшысы алғысын өзінің твиттер парақшасына жазды

Президент ұшақ апаты болған Гүлдала тұрғындарына шын жүректен алғыс білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мемлекет басшысы өзінің твиттер парақшасында: «Қиын сәтте құтқарушыларға көмек қолын созған Алматы облысы Гүлдала ауылының тұрғындарына алғыс айтамын. Олар тамақ дайындап, ыстық шай таратты. Алматылық донорларға көп рақмет. Халқымыз тағы да қиын сәтте ауызбіршілігін, әрқашан жәрдем беруге әзір тұратындарын көрсетті», - деп жазды.