Зардап шеккен ШОБ субъектілеріне төлемдер беріле бастады

primeminister.kz
primeminister.kz
Үкімет бизнестің қызметін қалпына келтіру мақсатында оларға келтірілген залалды жедел өтеу жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі өңірлік комиссиялар кәсіпкерлерден түскен өтінімдерді белсенді түрде қарап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша «InfoKazakhstan.kz» электрондық платформасы арқылы Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан залалды өтеуге 2000-нан астам өтінім берілді. Залалды өтеу тетігі өтінімдерді оңайлатылған тәртіп бойынша және сот сараптамасының қорытындылары негізінде өтініш берушінің қалауы бойынша қарауды көздейді. Алматы қаласында сараптамаларды жедел жүргізу үшін 33 сарапшы жұмыс істейді, 68 сот сарапшысынан тұратын қосымша резерв құрылды.  

Өңірлік комиссиялардың жұмысы аясында оң шешімдер қабылданды, алғашқы өтемақылар өтініш білдірген бизнесмендердің есеп шоттарына аударылды. Мәселен, Алматы қаласында 17 кәсіпкер жалпы сомасы 33 млн теңгеге төлем алды. Үкімет бизнестің қызметін қалпына келтіру мақсатында оларға келтірілген залалды жедел өтеу жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастырады.

Новости партнеров