Не ақша жоқ, не үй жоқ: ақтаулық әйел бір пәтерді тоғыз рет сатып, тұрғындарды тақырға отырғызған

24.01.2019 15:05

Ақтауда 60 адам өздерін алдап соққан әйелдің үстінен арыз жазды. Әлгі әйел адам бір пәтерді бірнеше рет сатқан екен. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпраттық агенттігі хабарлайды

60 адамды алдап кеткен әйелге қатысты тергеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, құрылыс компаниясының бастығы оларға бір жарым миллиард теңге қарыз. Алданып қалған салымшылар үйдің келісімсіз қалай салынғанын білу үшін әкімдікке келді.

«15 миллион салып, үйсіз қалды. Айына 400 мың теңге төлеп жүрген. Осындай жағдай орын алды. Адамның қалай таңғалғанын көз алдыңызға елестете аласыз ба? Ол екі ай ішінде азып кетті. 12 килограмм тастады. Иә, бұл шок. Жүйке жүйесі жұқарып ауруханаға түсті. Осындай 400 оқиға бар. Ешкім дұрыстап ұйықтамайды. Себебі, біз: «Ертең не болады?» деген оймен жатамыз. Әкімдіктің есігінің алдында жүреміз», — дейді Ануар Паритов есімді азамат.

Құрылыс фирмасының иесі бір пәтерді тоғыз рет сатқан екен. Бүгінгі күні бір жарым миллиард қарызы бар. Бірақ адамдар оны түрмеге жапқысы келмейді. Себебі, әйел тұтқындалса, үйсіз, ақшасыз қалып қаламыз ба деп қорқады. Әйтсе де, полицияда «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта 60 арыз түсті. 17 қызметкер жәбірленуші ретінде түсініктеме берді. Барлық қажетті құжаттарды, нақтырақ айтқанда бухгалтерлік құжаттамаларды, келісімшарттарды шығару жұмыстары атқарылады. Сәйкесінше сот-бухгалтерлік сараптама жүргізіледі. Оның негізінде нақты шешімдер шығады», — дейді Ақтау қаласының әкімі Берік Құлмағамбет.

Сангүл Аманжолова есімді әйелге ешқайда кетіп қалмау туралы қолхат берілген. Оның айтуы бойынша, компьютер дұрыстап жұмыс істемегеннен кейін үй бірнеше рет сатылып кеткен. Шенеуніктер зардап шеккендерге көмек көрсетудің нұсқаларын қарастыруға уәде берді. Қазіргі уақытта әйелге алданып қалғандар бастапқы жарна үшін несие төлеп, жалға алынатын үйде тұруға мәжбүр.