Алматыда қант бағасының алыпсатарлық өсу белгілері анықталды

15.03.2022 15:06

Қазіргі уақытта нарық субъектілерінің басым үлесін айқындау мақсатында ірі өнім берушілердің атына сұрау салулар жіберілді

Фото:elements.envato.com

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті баға мониторингінің нәтижелері бойынша қант бағасының алыпсатарлық өсу белгілерін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі уақытта нарық субъектілерінің басым үлесін айқындау мақсатында ірі өнім берушілердің атына сұрау салулар жіберілді. Монополияға қарсы талқылау қорытындылары бойынша тиісті ден қою шаралары қабылданатын болады.

Монополияға қарсы Департамент дүрлігуге жол бермеуге шақырады және бәсекелестікке қарсы келісімдер, келісілген іс-әрекеттер нәтижесінде алыпсатарлық бағаның өсуі, сондай-ақ үстем жағдайды теріс пайдалану монополиялық табысты (таза пайданы) тәркілей отырып, табыстың 3-5%-ы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеді.