Жаңа әлеуметтік жоба: Алматыда және Қазақстанның басқа қалаларында студенттер кәсіби мәнерлеп сырғанауға үйретеді

12.03.2024 14:06

Әр аймақ өңірдің кез-келген саласынан бір әлеуметтік маңызды жобаны ұсынады

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдан келген өкіл «Ару-Ана» республикалық байқауының лауреаты атанды. Алматы бойынша «Әйелдер күштерінің альянсының» төрайымы Әлия Ахмеджанова Азаматтық сананы дамыту саласындағы үздік жоба номинациясының жеңімпаздары қатарына енді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Байқау бүкіл Қазақстан бойынша ең үздік әйелдер жобаларын таңдау мақсатында екінші жыл қатарынан өтіп келеді. Әр аймақ өңірдің кез келген саласынан бір әлеуметтік маңызды жобаны ұсынады. Басты критерий - жоба азаматтық қоғамның дамуына үлес қосуы тиіс. Биыл әр өңірден 17 жобаның ішінен алтауы әртүрлі номинация бойынша таңдалды, ал жеңімпаздарға марапатты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырды.

Республикалық конкурсқа қатыспас бұрын Әлия Ахмеджанованың «Students on ice» жобасын Алматы қаласының «Ару Ана» үздік әлеуметтік жобаны іріктеу жөніндегі жұмыс тобы таңдады.

«Students on ice» жобасының мақсаты - мәнерлеп сырғанаудан спорт шеберіне үміткерлерді тарта отырып, ниет білдірген барлық студентті нөлден бастап кәсіби мәнерлеп сырғанауға үйрету. Ал жартыжылдық оқудан кейін жастар мәнерлеп сырғанау бойынша жарыстарға қатыса алады, бұл ретте дайындалған нөмірлерде көрермендерге әлеуметтік-маңызды проблемалар көрсетіледі. Осылайша, жоба әлеуметтік мәселелерді шешуге шығармашылық көзқарасты қарастырады. Бұл ретте жобаны іске асыру үшін барлық қаражат демеушілер есебінен, қандай да бір мемлекеттік қолдаусыз тартылады.

«Жоба аясында жастар еңбек нарығында сұранысқа ие біліктілік пен дағдыларды ала алады, ал жаттығулардың арқасында салауатты өмір салтын ұстана бастайды. Осылайша, жоба спортты халық арасында насихаттауға және қоғамға пайда әкелуге көмектеседі. Сондай-ақ бұл жастарға кедейлік пен әлеуметтік оқшаулану сияқты қылмысқа әкеп соқтыратын жағымсыз салдардан аулақ болуға көмектеседі», - деп атап өтті Әлия Ахмеджанова.

Еске салсақ, «Students on ice» жобасы 2023 жылы Алматыда сәтті жүзеге асқан болатын. Мәнерлеп сырғанаушылардың қорытынды жарыстары «SOI: Алматы жастары таза ауа үшін» ұранымен өтті және экологияға арналды, бұл ретте оларды өткізуге кәсіби экологтар өз үлестерін қосты. Нәтижесінде, мұз шоуының билеттерін сатудан түскен қаражаттың бір бөлігі Алматыға қосылған шет аудандар тұрғындарының әлеуметтік осал топтары санатындағы жеке секторды газдандыруға жұмсалды.

2024 жылы жобаның ауқымын кеңейту  жоспарлануда, яғни  жоба Қазақстанның Астана, Түркістан, Семей қалаларында  қолға алынады. Ал кейінгі жылдары мұз ареналары бар басқа қалалар да қамтылатын болады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда өңірлік кадр резервтеріне іріктеу басталды