Ақтаудан өртеніп жатқан пәтерден үш бала құтқарылды

13.06.2024 15:07

Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті

Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Ақтаудан өртеніп жатқан пәтерден үш бала құтқарылды. Бұл туралы  Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Өңірлік ТЖ мәліметінше, төтенше жағдайлар қызметіне 22 шағынауданы 3 үйдегі пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама 12 маусым күні сағат 19:05-те түскен.

Құтқарушылар шақырту орнына жеткенде үйдің ас бөлмесінде киім-кешек жанып жатқаны анықтады. Сондай-ақ балалардың үлкендердің қарауынсыз қалғаны белгілі болды. Пәтердің жалпы ауданы – 40 шаршы метр, жану алаңы – 1 шаршы метр болды.

«Төтенше жағдайлар қызметінің өрт сөндірушілері 2016, 2020 және 2023 жылы туған 3 баланы құтқарды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Ақтау қалалық балалар ауруханасына 2023 жылы туған бала жеткізілді. Оның денсаулығы тұрақты болған соң үйіне жіберілді», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Көлік ішінде есірткі қолданбақ болған қызылордалық тұрғын ұсталды