Бұл туралы "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді
Байқоңырда жаңа ғарыш кемесін ұшырудың соңғы тетіктері пысықталуда. 1 қыркүйекте Роскосмос мамандары "Союз МС-26"-ны "Союз-2.1 а" зымыранының өтпелі бөлігімен қондырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының ақпараты бойынша, бұл бөлік кемені бас қаптамамен байланыстырады, оның командалық интерфейсін зымыранның борттық басқару жүйесіне біріктіруді қамтамасыз етеді.
МКС-72 экспедициясының басталуы 11 қыркүйекке жоспарланған.