Бұл баспаналар сатып алу құқығынсыз жалға беріледі
Нұр-Сұлтанда үй кезегінде тұрғандар арасында жалдамалы баспанаға қол жеткізгендердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл іріктеуге өтінімдер 18-24 маусым аралығында қабылданған болатын.
Санаты - көпбалалы отбасылар. Барлығы – 3 немесе 4 бөлмелі 124 пәтер.
Бұл баспаналар сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Бағдарламаға өткендер мен өтпегендердің тізімі әкімдіктің сайтында жарияланған. Тізімді осы сілтемеден жүктеп алуға болады.
Бағдарлама бойынша өткендердің бәріне жақын арада тұрғын үй орталығының қызметкерлері хабарласып, әрі қарай не істеу керектігін айтады.