Мегаполисте 10-нан аса банк жауапқа тартылды

Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com
Оларды тексеру барысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығы бұзылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 13 банк жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.

Алматыда Медеу ауданының прокуратурасы жүргізген талдау, мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығы бұзылғандығын анықтады.

"Прокурорлармен кездесу барысында мүгедектер қоғамының өкілдері қаладағы екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) бөлімшелеріне қолжетімділіктің жоқтығы туралы мәселе көтерді. ЕДБ мүгедектігі бар адамдар қаржылық қызмет алуға жиі келетін орындардың бірі болып табылатыны белгілі. Прокурорлар қаладағы банктердің бірде-бір бөлімшесі қойылған талапқа сәйкес еместігін анықтады, яғни пандустар, мнемосхемалар, арнайы кассалар және т.б. не талапқа сай емес, не мүлде жоқ", - делінген хабарламада.

Алматыда мүмкіндігі шектеулі 50 мыңнан астам адам тұрады.

"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" ҚР заңының 14-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мүгедектер Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен бекітілген, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету құқығын қоса алғанда, барлық әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтары мен бостандықтарына ие.

"Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін Алматы қаласы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаментімен 13 ЕДБ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 83-бабы бойынша 9 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Уәкілетті орган барлық банкке бұзушылықтарды жою және мүгедектігі бар адамдар үшін көзделген жағдайларды жасау қажеттігі туралы ұйғарымдар берді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта 8 банк өз бөлімшелерін талапқа сәйкестендіріп үлгерді, қалғандары тиісті шаралар қабылдап жатыр.

Новости партнеров