Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін құттықтады

18.06.2023 15:25

Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауын әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады

t.me/DenMinPR

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Медицина қызметкері күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді», – деп жазды президент.