Текеліде дәмханаға атпен баса-көктеп кіріп келген жігіт қамауға алынды

20.11.2019 15:11

Жұртты шошытқан тұрғын тиісті жазасын алды

Sputnik

Тосын жағдай кешкі уақытта кафедегі қонақтар көңіл көтеріп отырғанда болған, деп хабарлайды Sputnik  КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ондағылар атты көріп шошып кеткен екен. Кейбіреулер дәмханаға келген жануарды видеоға түсіруге кірісіпті. Кейін бұл бейнежазбаны полицияға жібереді.

Жедел іздестіру шараларынан соң аттың иесі ұсталды. Ол 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жұртты шошытқан ер адам қазір өз әрекеті үшін қамауда отыр.

"Ұсталып, полицияға жеткізілді. Бұзақылық ісі бойынша жиналған материал сотқа жолданды. Бұл азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен бес күнге қамауға алынды", - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев.

Теги: жылқы