|
17.04.2023 | 15:47
148123

Қадір түні – мың айдан қайырлы

Қасиетті Қадір түні ауыз ашқан уақыттан бастап, сәресіне дейін жалғасады

Қадір түні – мың айдан қайырлы kawa-news.com

2023 жылы қасиетті Қадір түні – 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түн, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қасиетті Қадір түні ауыз ашқан уақыттан бастап, сәресіне дейін жалғасады.

Мұсылман қауымы үшін ерекше орын алатын бұл түн туралы Құран Кәрімнің "Қадір сүресінде" толық жазылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде жерге түсірілгені жайлы айтылады. Сонымен қатар ол мың айдан да қайырлы болып есептеледі. Алланың бұйрығымен жерге түскен Жәбірейіл періште адамдарға қызмет етеді.

Қадір түнінде жел соқпайды. Айналада тыныштық орнап, жауын-шашын жаумайды. Бұл түні жерге түскен періштелер тастан да көп болып, олар адамдарға дұға етуге жәрдемеседі.

Қадір түнін ұйқысыз дұға етіп, құлшылықпен өткізген жөн. Ер адамдар мешітке барып, парыз намаздары мен нәпіл, қаза намаздарын жамағатпен бірге оқығаны жөн. Ал әйел адамдарға мешітке бару міндетті емес. Сондай-ақ Қадір түнінде садақа берген абзал.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир