Бүгін – Халықаралық отбасы күні

15.05.2020 15:12

Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өткен

Фото: ашық дереккөзден

Жыл сайын 15 мамыр күні Халықаралық отбасы күні аталып өтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv

Бұл атаулы күн  1993  жылы  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған.

Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өткен.

Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы – әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім адамның өз жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншілігінен басталады. Сол себепті, отбасы Отанның бір бөлшегі ретінде қарастырылады.

Халықаралық отбасы күнін өткізу отбасы мәртебесін көтеруге, маӊызды мәселелерді және қажеттіліктерді түсінуді жақсартуға мүмкіндік береді.

Отбасының аман-саулығы – әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.