Қазақстанның бірқатар облысында телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады

03.06.2021 15:12

Жұмыстарды айына 5 күннен асырмай аяқтау жоспарланған

bcbits.com

Қазақстанның бірқатар өңірінде телерадио хабар таратуын уақытша тоқтатады. Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«2021 жылғы маусымда Алматы, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары, сондай-ақ Алматы қаласының кейбір радиотелевизиялық станцияларында аналогты эфирлік телехабар тарату жабдығын бұзып-бөлшектеу жұмыстары басталады», – делінген хабарламада.

Жұмыстарды айына 5 күннен асырмай аяқтау жоспарланған.

«Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Сall-орталыққа мына нөмірлер бойынша хабарласа аласыз: 8 8000 800 193 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), +7(727) 2 581 500. Сондай-ақ, abonent@otautv.kz электрон поштасына хабарлама жіберуге болады», – делінген ресми сайт хабараламасында.