Оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылып отыр
Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
45 жасқа қараған шағында оның кенеттен жүрегі тоқтап қалған. Қайғылы хабарды Жоғары палатаның баспасөз қызметі растады. Марқұмға алдын ала қойылған диагноз - анафилактикалық шок. Парламент Сенатының депутаттары Гүлмира Раинбекқызының туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.