Мандарин ішінен тағы да дәрі табылды

10.01.2020 15:13

Әуесқой түсірілген бейнекадрда ішіндегі таблеткаға ұқсас ақ күмәнді зат көрсетілген

Максим Богодвид

Мандарин ішіндегі белгісіз таблеткалар туралы бейнеролик әлеуметтік желіде кең тарала бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әуесқой түсірілген бейнекадрда Солтүстік Қазақстан облысы Қарағаш ауылының тұрғыны жемісті аршып, ішіндегі таблеткаға ұқсас ақ күмәнді затты көрсетіп жатыр.

Осы жайт бойынша облыстық полиция департаменті мандариннің ішіндегі нақты не зат екенін анықтау үшін сараптама жасайтынын мәлімдеді. Бұдан кейін мессенджерлерде еліміздің түкпір-түкпірінен аталған жеміс ішінен дәріге ұқсас зат тауып алған азаматтардың видеолары тарай бастады. Оқиғаның ақ-қарасын құзырлы орган өкілдері анықтайтын болады.