Желі қолданушылары бұған сенімсіздік білдіруде
Актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев өз киноларына кәрістің әйгілі актрисаларын түсірмек. Продюсер бұл ойын әлеуметтік желіде жариялады.
«Көрерменге қызықты дүние көрсету үшін біз шетелде кино түсіруді бастадық. Осы мақсатта таяуда KOLON group вице-президенті Сан Хо Шин мырзамен кездесіп, Корей елінде кино түсіру турасында келісім жүргізіп жатырмыз. Ал, сіздер мына екі актрисаның қайсысын көргіңіз келеді? Сон Хе Гені ме, әлде Пак Шин Хені ме?», - деген сауал жолдады Қоянбаев көпшілікке.
Алайда желі қолданушыларының біразы бұған қызығушылық танытқанымен, көбісі сенімсіздік білдіруде.