Желтоқсан айында қазақстандықтар екі аптаға жуық демалады

05.11.2019 15:13

2019 жылы мерекелер мен демалысты 12 күн демалыс, ал жұмыс күндерінің саны - 19

tugel.kz

2019 жылдың желтоқсан айында қазақстандықтар шамамен екі аптаға жуық демалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әдеттегі сенбі мен жексенбісінен бөлек, желтоқсан айында еліміздің екі бірдей басты мейрамы - ҚР Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні тойланады.

1 желтоқсан күні тойланатын мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күні жексенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні дүйсенбіге, 2 желтоқсанға ауыстырылады. Осылайша бес күн жұмыс істейтіндер 30 қараша, 1,2 желтоқсан күндері қатарынан үш күн демалады.

2019 жылы еліміздің басты мерекесі 28-рет атап өтілгелі жатыр. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Жоғарғы Кеңес республиканың Тәуелсіздігі туралы Заң қабылдады. Жылда бұл күн еліміздің ірі қалаларында отшашумен аяқталады. Биыл да қазақстандықтар осы мейрамның құрметіне жылдағыдай 16-17 желтоқсанда екі күн Тәуелсіздік күні биыл дүйсенбі мен сейсенбіге түсетіндіктен, сенбі-жексенбімен қосқанда – 14, 15, 16, 17 желтоқсан төрт күн қатарынан демалыс.