|
13.12.2019 | 10:13
4409

Дәрігер күндіз ұйықтау несімен қауіпті екенін айтты

Сомнолог күндіз ұзақ ұйықтаудың адам денсаулығына қауіпті екенін айтып, ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесімен бөлісті

Дәрігер күндіз ұйықтау несімен қауіпті екенін айтты  © Fotolia / Ana Blazic Pavlovic

Сеченовский университетінің медицина бөлімінің меңгерушісі Михаил Полуэктов әдеттегі күндізгі ұйқының қауіпті емес екенін айтты. Алайда мұндай әдет адамның сырқатының белгісі  болуы мүмкін, деп хабарлайды  РИА Новости.

Бұған дейін EurekAlert! сайтында қытайлық ғалымдардың зерттеуі туралы жарияланған болатын. Оның қорытындысына сәйкес, күндіз 9-10 сағаттан артық ұйықтайтын адамдарда инсульт алу қаупі жоғары екені анықталған.

Мамандар күндіз жарты сағаттан аз ұйықтаған жөн екенін айтып отыр.

"Егер күндіз 10-20-30 минут ұйықтаса, жүрек-қантамыр ауруларына шалдығу қаупі төмендейді. Ал бұл мөлшерден көп ұйықтаса, керісінше, арта түседі. Күндіз көп ұйықтауға бейім адамдар қандай да бір дертке шалдыққан болуы мүмкін", - дейді дәрігерлер.

Мамандар күндіз көп ұйықтайтын жандардың инсульт алу қаупі жоғары екенін атап өтті. Демек, тым көп ұйықтау ағзаның қандай да бір жүйесінің дұрыс істемеуінің белгісі. Ол жүйке немесе жүрек-қантамыр жүйесі болуы әбден мүмкін.

Sputnik.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

зерттеу
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир