Қ.Тоқаев: Парламенттік және партиялық жүйе өзгереді

30.01.2022 в 15:13

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік құрылымын өзгеріс күтіп тұрғанын айтты. Парламенттік және партиялық жүйе де өзгереді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Мәжілісте бірнеше мықты партия болуы тиіс. Олар тіпті Үкіметті құруда да тіл табыса білуі керек. Бізге осындай өзгерістермен бірге саяси мәдениет деңгейін көтеріп, саяси тұлғаларды тәрбиелеу қажет. Популизмнен арылу керек. Германияға қараңыздаршы, партиялар ауысып тұрады. Барлығы мәдени түрде өзгереді. Партиялар үкіметтегі лауазымды қызметтерге өз өкілдерін ұсынады. Меніңше, уақыт өте біз осыған келеміз. Ал мұның бәрі мен Президент болып тұрғанда орындалғанын қалаймын", – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.