«Үміт үйі» мекемесінің жұмыс кезеңінде 617 бала тәрбиеленіп шығарылды
Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен қалалық «Үміт үйі» КММ Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Отырысқа қалалық білім, қоғамдық денсаулық басқармаларының өкілдері, Алматы қаласы әкімінің әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі инспекторы қатысты.
Отырыс барысында жалғыз басты аналарға көмек көрсету шаралары қаралды.
«Үміт үйі» мекемесінің жұмыс кезеңінде 617 бала тәрбиеленіп шығарылды. Бүгінгі күні ұйымда қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 6 топта 40 бала тәрбиеленуде.
Мұнда туғаннан 7 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін дене бітімі, психикалық және рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін барлық қажетті жағдайлар жасалған.