Италиялық шегірткелер Атырауға да жетуі мүмкін

16.05.2024 15:14

Өңірде 86 210 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізіледі

elements.envato.com

Сарапшылардың есебінше, 2024 жылы зиянкестердің саны 2023 жылмен салыстырғанда үш есе көбейген. Өңірде азиялық және италиялық шегірткелердің түрі 20 мамырдан бастап қаптауы мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz.

Өңірде 86 210 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізіледі. Оның ішінде Құрманғазы, Исатай, Қызылқоға, Индер аудандарындағы 60 мың гектарға жуық таулы-қырлы аймақтар италиялық прусқа қарсы дәрі шашылады. Ал сулы-қамысты 28 мың гектар аумаққа шегірткенің азиялық түріне қарсы химикаттар себілмекші.

Атырау облысындағы шегірткемен күреске алматылық және оралдық компаниялар жұмылдырылады.

- Жалпы химиялық өңдеу шегіртке көрінген кезде жасалмайды, толқынды шыққан кезін күтіп, екінші-үшінші жас сатысына жеткен кезде бастаймыз. Ол мамыр айының үшінші он күндігі деп есептеп отырмыз. Былтырға қарағанда үш есе көбейіп отыр, - деді Абила Қазиева, ҚР АШМ АӨК МИК Атырау облысы аумақтық инспекция басшысы.

Бұған дейін Қазақстанның үш өңірінде – Ақтөбе, Қостанай және Түркістан облыстарында шегіртке шабулы күрт көбеуі мүмкін екендігі хабарланған болатын.

Оқи отырыңыз: Жаңбыр және жел: 16 мамырға арналған ауа райы болжамы