1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекеттегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың символына айналған мереке 1995 жылдан бері тойланады.

Достық пен келісімнің нышанына айналған 1 мамыр мерекесі Қазақстан қоғамындағы біріктіруші факторлардың бірі десек те болады. Қазақстан - мәдениеттерінің, тілдері мен дәстүрлерінің әралуандығы басты байлығына айналған, ал азаматтары жасампаздық пен даму идеясы айналасында біріккен ел. Сол тұрғыдан алғанда 1 мамыр мейрамы елімізде ұлттар мен ұлыстардың достығы мен татулығының, азаматтық келісімнің, еліміздегі 130-ға тарта халықтардың ауызбірлігінің жарқын көрінісін паш етеді. Қазақстан халқының бірлігі мерекесін жаңа тұрпатта тойлау қажеттігін, оны еліміздің басты мерекесіне айналдыру идеясын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы көтерген болатын.

Айта кетейік, бүгін Алматыда өтетін мерекелік салтанатты шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп күтілуде. Ел президенті 30 сәуір күні "оңтүстік астанаға" арнайы келген болатын.

Новости партнеров