Алматыдан 348 шақырым қашықтықта жер сілкінді

27.10.2019 15:14

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 348 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан

inform.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 27 қазан күні Нұр-Сұлтан уақытымен 04 сағат 30 минут 42 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 348 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9,5. MPV тербелісі – 3,8. Тереңдігі – 5 шақырым.

Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.