Бас прокурор Қаңтар оқиғасына қатысты барлық сұраққа жауап беруге дайын екенін айтты

14.03.2022 15:15
стоп кадр

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Қаңтар оқиғасына қатысты барлық сұрақтарға жауап беруге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, Қаңтар оқиғасына қатысты сұрақтардың барлығы жауапсыз қалмайды.

«Бас прокуратураға Қаңтар оқиғасына қатысты депутаттық сауал келіп түсті. Азаматтар тергеудің қалай жүріп жатқанын, адамдардың өлімінің мән-жайын, азаптауға қатысты тергеудің қаншалықты әділ өтіп жатқаны жайлы білгісі келетінін түсінеміз. Бүгін осы сұрақтардың барлығына жауап беруге тырысамын», - деді Бас прокурор.