Осы бейсенбі, сағат 11:00-де Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мегаполис тұрғындары мен қонақтарынан түсіністікпен қарап, сабыр сақтауды сұрайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Қала ұйымдарында сейсмикалық оқу-жаттығулар тоқсан сайын өткізіледі. Бірінші тоқсанда 2,8 мыңнан астамы орындалды.
Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – тұрғындарды эвакуациялау жолын, қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, апат кезінде қажет чемодандарды дайындауы үшін қала тұрғындарының төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру.
Қауіпсіз орындар – электр желілері мен ғимараттардан алыс орналасқан ашық жер.
Жалпықалалық сейсмикалық дайындыққа алдын ала дайындалыңыз. Мысалы, телерадио арналарда хабарландыру басталып кетті, алматылықтар оқу-жаттығу эвакуациясы туралы ақпараттандырылады, ұсыныстар берілді.
«Сейсмикалық оқу-жаттығу өтетін күні сиреналық қондырғыларды іске қосу, теле және радио арналар арқылы қалалық ескерту жүйесі іске қосылады, «Darmen» мобильді қосымшасы арқылы push-хабарламалар жіберіледі», – деп хабарлады ТЖД.
Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Жыл сайын қалада 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Бұл ретте күші 2-ден 4 баллға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим болып саналады. Сейсмология институтының болжам комиссиясының мәліметінше, жыл соңына дейін қалада 7 және одан да көп баллдық жер сілкінісі болмайды. Сондықтан жүргізіліп жатқан қалалық сейсмикалық дайындық жер сілкінісі болады деген болжамға байланысты емес.