Осыдан кейін әншілер ән айтуды қоятын шығар
Тойда фонограммамен ән айтып тұрған жігіттің видеосы әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің сынына ұшырады.
Видеода той қонақтарының алдында «ана-әке» әнін айтып тұрған жігіттің жанынан өтіп бара жатқан азаматтың әншінің аузын қолымен жауып қалғанын, сол кезде әннің тоқтаусыз орындала бергенін байқауға болады.
Мұны көрген желі оқырмандары «Неге жанды дауыста айтпайды екен», «Ұят», «Масқара», «Осындай кейін қазақ эстрадасының жұлдыздары тойға барғанда қорқып ән айтатын болды», «Фонограммамен тыңдағанша, соткадан тыңдай салу керек еді», «Осыдан кейін ән айтуды қоятын шығар», - деген сынды пікірлерін қалдырды.