Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің нағыз көппартиялы мемлекетке айналу жолында маңызды қадам жасағанын көрсетті
Бүгін, 29 наурызда елордада VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Сайлау науқаны кезінде көптеген орынды сын, байыпты ұсыныс айтылды. Біз айтылған салмақты ұсыныстарды міндетті түрде зерделейміз. Бәсеке жоғары болғандықтан, сайлау нәтижесін алдын ала болжау мүмкін емес болды. Оның қорытындысы еліміздің нағыз көппартиялы мемлекетке айналу жолында маңызды қадам жасағанын көрсетті», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Мәжіліске көзқарасы әртүрлі саяси ұстанымдағы күштер келді деп есептейтінін айтты.
«Алғаш рет ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтті. Біз осының бәріне ауқымды саяси реформаның арқасында қол жеткіздік. Партияларды тіркеу мәселесін реттейтін заңнаманың өзгеруі де бұған септігін тигізді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.