|
22.11.2023 | 10:17
661

Алматы полициясы жол қозғалысы қатысушыларына үндеу жолдады

Ауа райының нашарлауына байланысты жолдағы қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Алматы полициясы жол қозғалысы қатысушыларына үндеу жолдады Сурет: elements.envato.com

22 қараша 2023 жылы Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жолдады, – деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа райының нашарлауына байланысты алматылық тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақыруда.

 – Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамын. Ауа райының нашарлауы бірінші кезекте жалпы жол жағдайына әсер етеді. Осыған орай көлік жүргізушілері уақытылы қысқы маусымға дайындалып, дөңгелектерін ауыстыруы тиіс. Ал ең бастысы – жол қозғалысы ережесін мүлтіксіз сақтап, көлік жүргізу мәдениетінің деңгейін көтеру. Бұл қала жолдарындағы қайғылы оқиғаларды болдырмауға көмектеседі. Өзара сыйластық пен тәртіп – жол қауіпсіздігінің кепілі және еліміздің ең ірі қаласында жол-көлік оқиғаларын болдырмаудың шешуші факторларының бірі, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев. 

Естеріңізге сала кетейік құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 20-30 қараша аралығында “Құқықтық тәртіп” жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Ол жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған. Осы жылдың 10 айында Алматыда 2991 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 84 адам қаза тауып, тағы 3211 адам жарақат алған.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы қай көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир