Қарағанды облысында екі оқушы қыз өзенге батып кетті

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

2009 жылғы қыз әлі іздестіріліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

29 маусымда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында 2011 және 2009 жылғы екі қыз Нұра өзеніне батып кетті, деп хабаралайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.

Олар рұқсат етілмеген жерде шомылған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты. 

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 29 маусымда Нұра өзенінің бойындағы Қызылжар ауылында екі оқушы қыз суға түсуге тыйым салынған жерде белгісіз жағдайда суға батып кеткен. Жағалаудан қыздардың жеке заттары табылған. 

- Куәгерлердің айтуынша, балалар суға батқан жердің иірімі қатты, жағадан 4 метрдей жерде тік жар бар. Оқиға орнында үш бала болған. Бір қыз жағада қалған – болған жайтты жақындарына сол қыз хабарлаған, - делінген хабарламада. 

Сағат 19:00-де жедел-құтқару жасағының күштері 2011 жылы туған қыздың денесін тауып, жағаға алып шықты. 2009 жылғы қыз әлі іздестіріліп жатыр.

Оқи отырыңыз:Қырғызстанда алапат селден бес адам қаза тапты

 

Новости партнеров