Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады

01.12.2023 15:17

Полиция көліктің нөмірін тәркілеуі мүмкін

Сурет: elements.envato.com

1 желтоқсанда Қазақстанда жазғы дөңгелектерге айыппұл салынады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Заңға сай, 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында көлік жүргізушілері көліктерінің қысқы дөңгелектері болуын қадағалауы керек.

 - Мұндай заңбұзушылықтар анықталған кезде полиция қызметкерлері бұзушылықтар жойылғанға дейін көлікті тоқтатып, мемлекеттік нөмірді тәркілеуге құқылы, - деді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ең төменгі айыппұл мөлшері 5 АЕК (17 250 теңге) болады. Жүргізуші бір жылда қайтадан тәртіп бұзса, 10 АЕК (34 500 теңге) айыппұл төлейді.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында жүргізушінің көлігінен 56 келі бекіре тәркіленді