Сумен қамту және кәріз желілерін жаңғырту туралы Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, 2022 жылы маусым айында ауданның 4 ең проблемалық учаскесінде сумен қамту және су бұру желілерін салу мен жаңғырту жобалау басталған. Достық, Мамыр-4 шағынауданы, «Саин – Шаляпин – Жандосов – Қарғалы өзені» көшесінің бөлігі, сондай-ақ Арычная, Ықылас, Западная көшесінің учаскесі. Осы учаскелердегі су құбыры және канализация желілері 1960-1970-ші жылы салынған, 80%-дан астамы тозған.
«2022 жылы 21 қарашада Достық шағынауданында 22 көше бойынша жоба сараптамасының оң қорытындысы алынды. Жергілікті бюджетті бірінші нақтылаудан және конкурс жарияланғаннан кейін осы жылдың 2-ші тоқсанында желілерді салу жұмысы басталады. Мамыр-4 шағынауданы бойынша 2023 жылдың маусым айында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталып, сараптама алынады, Арычная, Ықылас, Западная көшесінің учаскесі бойынша 2023 жылдың наурыз айында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталып, сараптама алынады. Құрылыс осы жылдың 3-ші тоқсанында басталады», – деді қала әкімі.
Сондай ак «Саин – Шаляпин – Жандосов – Қарғалы өзені» көшесінің бөлігі бойынша 2023 жылдың тамыз айында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтап, құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылдың IV-ші тоқсанында бастау жоспарланғанын мәлімдеді.
«Сіздердің ауданда жоғары аталған осы жобаларды 2024 жылдың соңына дейін іске асыру. 11 мыңнан астам абонентті сапалы сумен және канализация желісімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Ерболат Досаев.