Алматы әуежайында екі ирандық жалған төлқұжатпен ұсталды

14.10.2019 15:18

Олар «Ыстанбұл – Алматы» бағытымен ұшпақ болған

kk.wikipedia.org

Алматы әуежайында шекарашылар екі  ирандық әйелді Италия Республикасының қолдан жасалған паспортымен ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«12 қазанда сағат 06.30-да «Алматы» әуежайындағы «Алматы» өткізу пунктінде шекарашылар Италия Республикасының жалған паспортымен «Ыстанбұл – Алматы» бағытымен ұшпақ болған екі Иран азаматын анықтады», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, шекара жасағы әуе рейсін ресімдеу кезінде ұсынылған құжаттардағы Италия паспорттарының жасанды екені анықтады. Бұл құжаттарды ұсынған Иран азаматтары екендігі белгілі болды.

«Шекара жасағы жіті тексеру нәтижесінде Италия паспорттарының бектілген үлгіге сәйкес келмейтіндігін аңғарып, оның жасанды екенін анықтаған. «Алматы» өткізу пунктінің шекарашылары жалған құжат ұсынғандардан Иранның паспортын тауып алды», - делінген хабарламада. Шекарашылардың мәліметінше, құқық бұзғандар анасы мен қызы болған.