|
Qoǵam
11.12.2019 | 10:18

Грантпен ЖОО-да оқыған түлектер ауылда 3 жыл жұмыс істейтін болады

Ағымдағы жылдың 28 қазанында Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойды

Грантпен ЖОО-да оқыған түлектер ауылда 3 жыл жұмыс істейтін болады moa.gov.kz

Аграрлық жоғарғы оқу орындарының түлектері бұдан былай ауылдық жерлерде  жұмыс істеуге міндеттеледі. Мұндай шешім ауыл жастарына арналған квота бойынша грант алған студенттерге қатысты. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ведомство мәліметінше, министрлік ауыл шаруашылығы саласы үшін мамандар даярлауға қатысты ұлттық заңнамаға бірқатар түзету енгізді. Биыл 28 қазанда Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойған болатын. Түлектердің ауылдық жерлерде жұмыс істеуге міндеттеу шешімі 2020 жылдан бастап жүзеге аспақ. Еңбек өтілін өтеу мерзімі кем дегенде 3 жыл. Министрлік бұл шара ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кәсіби кадрларға деген сұранысын арттыруға мүмкіндік береді деген ойда. Жаңашылдық жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін де шешпек.

‡агрузка...

Прямой эфир