Өскеменде 22 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

21.06.2019 15:18

Дастанның бойы – 178 сантиметр, көзі – қара, шашы – қанық түсті

Өскеменде 22 жастағы жігіт жоғалып кетті, деп жазады YK-news.kz.

Volontery_uka_LIDER.KZ волонтерлар қозғалысы Өскемен тұрғыны 1997 жылғы Дастан Серікұлы Жақсыбаевтың 12 маусым күні үйінен шығып, қайта оралмағанын жазған.

Дастанның бойы – 175-178 сантиметр, көзі – қара, шашы – қанық түсті. Дәл сол күні ол үстіне қара шалбар, көк футболка, қара туфли киген.

Осы баланы көрген-білгендер болса 8-771-466-54-38 нөміріне немесе 102 пультіне хабарласуын сұраймыз.