Алматы әкімі қалалық КҚК-на тапсырма берді
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жермен құйтырқы әрекетке барған алаяқтарды заң бойынша жауапқа тартуға уәде берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілішісі.
«Айнабұлақ-2, №85 және 85А үйінің тұрғындары менен көмек сұрады. Шешім бар. Біріншіден, міндеттерін адал атқарған құрылыс салушы мен тұрғындарға ешбір артық сұрақ болмайды. Екіншіден, жермен құйтырқы әрекетке барған алаяқтарды заң бойынша жауапқа тартамыз. Үшіншіден, қалалық КҚК-на тапсырма бердім», - деді Бақытжан Сағынтаев Twitter парақшасында.
Айнабұлақ-2, №85 және 85А үйінің тұрғындары менен көмек сұрады. Шешім бар.
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) 5 июля 2019 г.
1) Міндеттерін адал атқарған құрылыс салушы мен тұрғындарға ешбір артық сұрақ болмайды.
2) Жермен құйтырқы әрекетке барған алаяқтарды заң бойынша жауапқа тартамыз.
3) Қалалық КҚК-на тапсырма бердім.