Қостанайда көпқабатты үйдің терезесінен сәби құлап кетті

27.05.2019 15:19

Бір жарым жасар қыз қазір жансақтау бөлімінде жатыр

Қостанайда көпқабатты үйдің терезесінен бір жарым жасар қыз құлап кетті, деп хабарлайды alau.kz.

Оқиға 26 мамырда болған. Бір жарым жасар қыз бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кетіпті.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«Жедел жәрдем сәбиді Қостанай облыстық ауруханасына жеткізді. Қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр», - деген мәлімет берді басқарма.

Өңірдің дәрігерлері ата-аналарға балаларды үйде қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертті.