Оралда ескі үйді бұзу кезінде адам сүйектері табылды

19.10.2022 15:19

Куәгерлердің бірі қорқынышты көріністі видеоға түсірген

uralskweek.kz

Оралда Пугачев көшесіндегі екі ескі жеке үйді бұзу кезінде экскаватор жиырмаға жуық адамның бас сүйектері мен сүйектерін қазып алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің бірі қорқынышты көріністі видеоға түсірген. 53 жастағы ер адам полицейлерге антиквариат-монеталарды іздеу үшін құрылыс жұмыстары орнына келгенін айтқан. Бірақ ол адам қалдықтарын тауып, оны ұялы телефонына түсіріп алған.

Тағы бір куәгер пайдаланылған құрылыс материалын жинау үшін келгенін айтқан. Ол сол жерден адам сүйектерін тапқан. Полиция ер адамнан 11 бас сүйек пен 323 сүйек тәркілеген.

Табылған адам қалдықтары сот сараптамасына жіберілген. Оның нәтижелеріне байланысты қылмыстық іс бойынша заңды іс жүргізу үшін шешім қабылданады. Полицейлердің сөзінше, адам қалдықтарына 60 жыл болса, іс тоқтатылады.

"Ескі Орал" мұражайының қызметкері адам қалдықтарының табылуының екі нұсқасы болуы мүмкін екенін айтқан.

"Бұл аймақта зират болды, өте ескі, XIX ғасырдың ортасында. Екінші нұсқа бойынша, бұл өткен ғасырдың 20-30-жылдарындағы каннибализмнің іздері болуы мүмкін", - деген ол.