Анасы полицейлерге алғыс білдірді
Түркістанда жоғалған 14 жасар қызы Шымкенттен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТО Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ордабасы АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, 2005 жылы туылған қызы таңертең мектепке кетіп, үйіне оралмағандығын айтқан.
«Полицейлер ақпарат келіп түсе салысымен, кәмелет жасына толмаған қызды іздестіру шараларын жедел жүргізді. Ол бір күннен кейін Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табылған», - делінген хабарламада.
Бойжеткен қызбен психологтар сөйлесті. Оның анасы полицейлерге алғыс білдірді.