Алматыдан 274 шақырым қашықтықта жер сілкінді

29.01.2019 15:20

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.5

ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі 2019 жылдың 29 қаңтарында 7 сағат 15 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 274 шақырым жерде, Қытай аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.5. MPV тербелісі - 4.3, тереңдігі - 10 шақырым», - делінген хабарламада.

Жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.