Қытаймен шекарадағы өткізу бекеттері мамырда бірнеше күнге жабылады

29.04.2021 15:21

Қазақстандықтар мамырда үш мерекені тойлайды: Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні

Фото: КНБ РК

Қытаймен шекарадағы өткізу бекеттері бірнеше мерекеге байланысты мамырда үш күн жұмыс істемейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

«2021 жылдың 1, 7, 9 мамырында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері Қазақстан мен ҚХР үкіметі арасында бұрын келісілген уағдаластықтарға сәйкес жұмыс істемейді», –  деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Кейінірек мереке күндері қай өткізу пункттері жұмыс істемейтіні туралы толық ақпарат жарияланады.

Айта кетейік, қазақстандықтар мамырда үш мерекені тойлайды. Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 1-3 мамыр аралығында демалады. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. 9 мамыр – Жеңіс күні жексенбіге дөп келіп тұр. Сондықтан демалыс  дүйсенбі, 10 мамырға ауысады. Осылайша мамырда 13 күн демалыс болады.