Елімізде қанша адамның жалақысы өсті

elements.envato.com
elements.envato.com
Бірінші кезекте ең төмен жалақыны арттыру «айлығы аз» қызметкерлерге қатысты болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында бүгіннен бастап елімізде ең төмен жалақы мөлшері 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін ұлғайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ең төмен жалақыдан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.

Осыған орай 85 мың теңгеге дейін жалақы алатын түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық саласында жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде бюджет саласындағы 350 мың қызметкердің ақшалай кірісі өседі.

Бірінші кезекте ең төмен жалақыны арттыру «айлығы аз» қызметкерлерге қатысты болады.

Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төмен жалақы көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайды.

Естеріңізге сала кетейік, ең төмен жалақы еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт саналады және жыл сайын тиісті қаржы жылына сәйкес Республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді.

Новости партнеров