Нұрлан Өнербаевтың ыстық лебізіне көпшілік қауым ақ тілектерін жаудыруда
Мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Өнербаев ауруханаға түскен Мейрамбек Беспаевқа тез сауығып кетуін тіледі. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Мейрамбек бауырым,қазақ, "Ауырып тұрдым, аунап тұрдым" - дейді. Әлі-ақ құлан таза айығып, тұрып кетесің. Алла шипасын аямасын деп тілеймін!» – деді әнші.
Нұрлан Өнербаевтың ыстық лебізіне көпшілік қауым ақ тілектерін жаудыруда.
«Көптің тілегі көл дейді ғой, амандығын тілейміз", "Алла шипасын берсін. Аман есен сауығып отбасына оралсын!", "Алған емі шипалы болып, отбасына аман-есен оралсын", "Жазылып кетсін шипасын берсін", "Аман есен Қазақ елінің ортасына жүре беріңіз!", "Қазақтың дара туған ұлына Алла шипасын берсін», – дейді желі қолданушылары.