Алматыдағы медицина мекемелерінің психологтары 21 наурыздан бастап жұмысқа кірісті
Қала штабы жанындағы Open Almaty 1308 байланыс орталығында бүгіннен бастап медицина мекемелерінің психологтары жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыдағы медицина мекемелерінің психологтары 21 наурыздан бастап жұмысқа кірісті.
«Жұмыс кестесі: екі ауысыммен, таңғы сағат 08.00-ден түнге дейін атқарылады», - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов.
Айта кетсек, 2020 жылдың 20 наурызындағы сағат 22.00 уақытындағы жағдай бойынша Қазақстанда 52 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Олардың ішінде Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Қарағанды каласында – 2 адам, жалпы 49 науқас тіркелді.
Еске салсақ, Алматыда коронавирустың 10 ошағы анықталған болатын. COVID-19 індетіне байланысты Қазақстан аумағында 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды. 19 наурыздан бері Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары карантинге жабылды.