Ойда-жоқта баспаналы болған көпбалалы ана көз жасын тыя алмады

18.02.2019 15:52

Кәсіпкер 7 баланы жалғыз өсіріп отырған анаға пәтер кілтін табыстады

stan.kz

Астаналық кәсіпкер Жандар Садықовтың қолынан пәтер алған көпбалалы ананың қуанышы қойнына сыймады. Ойда-жоқта баспаналы болғанын естіген ана көз жасын тыя алмай жылады, деп жазады Stan.kz.

Кәсіпкер 7 баланы жалғыз өсіріп отырған анаға пәтер кілтін табыстады. Шымкент өңірнен көшіп келген отбасы 7 жылдан бері пәтер жалдап тұрған. Екі баласы мылқау болғандықтан, арнайы мектепте оқыту үшін Шымкенттен көшуге мәжбүр болған екен. Әйел көпбалалы болғандықтан күнделікті азық-түлікке көп ақша кететінін айтты.

«Екі балам сөйлемейтіндіктен, мүгедектік ретінде жәрдемақы аламын. 7 бала болған соң күнделікті тамағына 4 мың теңге кетеді. Балаларымның болашағы қалай болады деп ойлаймын», – дейді көпбалалы ана.

Бұл сәтте кәсіпкер үйге кіріп келіп, қуанышты жаңалықты хабарлады. Отбасына баспаналы болуымен құттықтады. Осы отбасына пәтер алып қойғанын мәімдеді.

Көпбалалы ана қуаныштан, көз жасына ерік берді.

«Балаларым «біз қашан жаңа үйге көшеміз, сыныптастарым жақсы үйде тұрады, біз қашан солар секілді үйде тұрамыз» деуші еді. Менен бұрын балаларым қуанатын болды. Сізерге көп рахмет! Алланың нұры жаусы! Алла разы болсын!», – деді ол ризашылығын білдіре.

Кәсіпкер Қарабаевтар отбасына пәтерді Қосшы ауылынан алып берді.